Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру барысындағы «Мектеп асханасы» республикалық іс-шараға байланысты жүргізілген жұмыстардың анықтамасы
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы тамақтануын
ұйымдастыру барысындағы «Мектеп асханасы» республикалық
іс-шараға байланысты жүргізілген жұмыстардың
анықтамасы
Досбол орта мектебінде тамақтану сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізіліп,заңнамаға сәйкес перспективалық мәзір сәйкестігі бақыланды.Медбике Б.Мыңжасарова Фастфуд тағамдарының пайдасы мен зияны туралы баяндама оқыды.Тәлімгер С.Бойтанова «Дұрыс тамақтану-салауатты өмір салтының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Оқушыларға дұрыс тамақтану ережелерін түсіндіріп,пікір алысты. Әлеуметтік педагог 1-4 сынып аралығында «Дәрумендер-денсаулық кепілі» тақырыбында әңгімелесіп дәруменнің адам ағзасына пайдалы жақтары туралы айтты.5-9 сынып оқушылары арасында «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында эссе жазылып, талқыланды.
Әлеуметтік педагог: К.Алтынбекова