Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
Досбол орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында 11 мұғалім біліктілік санатын көтерді, оның ішінде 9 мұғалім педагог-зерттеуші санатын алса, 2 мұғалім педагог-модератор санатын алды.
26
февраль
2021
---
Досбол орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында 11 мұғалім біліктілік
Досбол орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында 11 мұғалім біліктілік санатын көтерді, оның ішінде 9 мұғалім педагог-зерттеуші санатын алса, 2 мұғалім педагог-модератор санатын алды.
"Айтыс -асыл мұра "
26
февраль
2021
"Айтыс -асыл мұра "
Досбол орта мектебінде 26 ақпан күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Әбдірова Қымбат  8-10 сыныптар арасында  "Айтыс -асыл мұра " атты қыз бен жігіт айтысын ұйымдастырып өткізді. Айтыс қызықты өтті. Соңынан оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды.Оқушылар белсене қатысты.
"Тілім менің- елдігімнің айғағы"
25
февраль
2021
---
"Тілім менің- елдігімнің айғағы"
Досбол орта мектебінде 22-27 күндері қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды. Апталықтың тақырыбы " Тіл -ұлттың жаны". Ақпан айының 23- і күні қазақ тілі апталығында пән мұғалімі Әбдірова Қымбат 10 -сынып  оқушыларымен "Тілім менің- елдігімнің айғағы"атты тақырыпта 3 кезеңнен тұратын сайыс өткізді. 1.Викториналық сұрақтар 2.Мақал- мәтел жарысы 3.Балдық сұрақ-жауап әдісі. Сайысқа "Фонетика", "Лексика" тобы қатысып, өз білімдерін ортаға салды.Нәтижесінде "Фонетика" тобы жоғары белсенділік
«Мамандық таңдау-маңызды іс»
25
февраль
2021
«Мамандық таңдау-маңызды іс»
Досбол орта мектебінің бағдарлы орынбасары К. Алтынбекова мен 10 -сынып жетекшісі Г. Наурызбаеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында  кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбында форум өтті. Онда оқушыларды сан түрлі мамандық түрлерімен таныстырып, бағыт-бағдар берді. Оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы айтып, пікір алмасты.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
25
февраль
2021
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Досбол орта мектебінде  25 ақпан  күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бизақова Мақпал 5 - сынып  оқушылары арасында " Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар" атты топтық сайыс өткізді. Сайысқа "Білімділер"  мен  "Тапқырлар" тобы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен өтті. Оқушылар белсене атсалысты.Нәтижесінде " Тапқырлар" тобы жеңіске жетті.
республикалық пән олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі
24
февраль
2021
республикалық пән олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі
Досбол орта мектебінде  республикалық пән олимпиадасының аудандық ІІ кезеңіне қатысып жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды.
Біз бақытты баламыз
24
февраль
2021
Біз бақытты баламыз
Досбол орта мектебінде педагог- психолог С. Бойтанова "Болашақ бүгіннен басталады" апталығы аясында санпин ережесін сақтай отырып " Біз бақытты баламыз" тақырыбында 1-11 сынып оқушылары суреттер салып, отбасымен бірге  видо роликтер түсірді.
«Тіл білгірі»
24
февраль
2021
«Тіл білгірі»
Досбол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Алтынбекова 6-7 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» тақырыбында 5 кезеңнен тұратын сайыс өткізді.  1.Таныстыру  2.«Жүйрік болсаң шауып көр» 3.« Мықты болсаң,тауып көр» 4.«Ойлы болсаң,озып көр» 5.«Тапқыр болсаң талас жоқ»  Оқушылар «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы болып өз білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында 5 кезеңнен сүрінбей өтіп, белсенділік танытқан «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.
Республикалық пән олимпиадасының  аудандық ІІ кезеңі
23
февраль
2021
Республикалық пән олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі
Досбол орта мектебінде Республикалық пән олимпиадасының  аудандық ІІ кезеңіне қатысып олимпиадасында математика пәні бойынша ІІІ орын иегері 10-сынып оқушысы Кенжетай Балнұр, физика пәні бойынша ІІІ орын иегері Асқарұлы Бекнұр, химия пәні бойынша ІІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Кенжетай Әбілхайыр, қазақ тілі пәнінен ІІ орын иегері 10-сынып оқушысы Асылхан Аружан
"Сенімділік күш береді"
22
февраль
2021
"Сенімділік күш береді"
Досбол орта мектебінде педагог- психолог С. Бойтанова "Психологиялық кеңес беру" айлығы бойынша санпин ережесін сақтай отыпып"Сенімділік күш береді"-атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың сенімділігін, мінез-құлық , эмотциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру. Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.