Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
» » "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған"
04
февраль
2020

"Өлмейтұғын артында сөз қалдырған"

Досбол  орта  мектебінде  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық  мерейтойына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған » атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында ұстаздар  «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңдерін  жатқа айту , «Абайды оқы, таңырқа» қара сөздерін  айту , «Құлақтан кіріп бойды алар» әндерін  орындау, «Абай ақын – қазақтың мақтанышы» арнау  өлеңдер  бойынша  өнер  көрсетті. Кеш қонақтары  ауылдық әкімшіліктің  бас маманы   Әмірбек Ордабаев, ауылдық клуб үйінің   меңгерушісі  Жанар Үсенбекова , ауылдық кітапхана  меңгерушісі  Гүлнар Бизақовалар  қатысты . Кештің ашылу салтанатында  мектеп   директоры  Асқар Сайлауов құттықтау сөз сөйледі. Қара сөз оқудан бастауыш сынып мұғалімі Жаңакул Изтаева ерекше көзге түссе, ақынның өлеңдерін  информатика пәні мұғалімі Гүлнара Наурызбаева  екі тілде нақышына келтіре  оқыса, бастауыш сынып мұғалімі Жамилия Ибадильдаева «Көзімнің қарасы » әнін орындады. Ақын мерейтойына  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Қымбат Әбдірова мен оқу ісі орынбасары ,бастауыш сынып мұғалімі Ерік Махамбетов   жалынды жырларын арнады. Кеш соңында ұйымдастырушы Салтанат Мұсабекова  үздік өнер көрсеткен ұжым мүшелерін  Алғыс хаттармен марапаттады.