Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
» » Кемелі келешекке-кемеңгер Елбасымен
03
December
2019

Кемелі келешекке-кемеңгер Елбасымен

Досбол орта мектебіңде 29 қараша күні «Кемелді келешекке- кеменгер Елбасымен» -атты «Жас Ұландықтардың» мектепшілік   форымы өткізілді. Мақсаты: «Жас Ұлан» ұйым мүшелігіне кірген оқушыларды топтастырып қатыстыру және іс-шараға қатысып жүйелі жұмыстар жүргізген оқушыларды марапаттау. Жиынға «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Тоқжұманова Ғалия Мәлтікқызы, Досбол ауылдық жастар инспекторы Қыстаубаев Бекмырза Айдарханұлы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Сейітов Азамат Әбдісаматұлы, Д.Т.І.Ж.О. Рахмбаева Гүлзат Ермекқызы жәнеде мектеп мұғалімдерімен, «Жасқырандықтар» мен «Жасұландықтар» қатысты. 2018-2019 оқу жылдарында әртүрлі іс-шаралардың ілгері дамуына өз үлестерің қосқан  «Ұланбасшы» мен «Жас Ұлан» ұйым мүшелері диплом, алғыс хаттармен марапатталды.  Мектепшілік   форум жасұландықтардың көңілді флешмобымен ашылды. Белсенді оқушылар ұран сөздерін айтып, патриоттық өлеңдер шырқады. Жиында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына және өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруге қосқан үлестеріне тоқталып өттік. Сондай-ақ, бірқатар оқушылар салтанатты түрде «Жас Ұландықтардың» қатарына өтіп, патриоттық өлеңдерін оқыды. Форум өте жоғары деңгейде өтілді. Балалар өте белсенді, өте дарынды.Ел болашағы жастардың қолында дейді ғой. Біз осындай белсенді жастар бар екеніне тағы да көзіміз жетті. Соларға қарап, қуанып отырмыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бұл заманда білекке емес, білімге қарайтын заман.Ойын емес, ойды салыстыратын заман. Сондықтан әр «Жас Ұлан» білімді, ой мен санасы жоғары, Отан сүйе білетін болу қажет.Жасұландықтардың басын қосқан форум мерекелік концертпен түйінделді.