Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
» » «Құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы
17
февраль
2020

«Құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы

«Құқықтық  білім беру, құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы бойынша «Бала құқығы –бала бақыты» тақырыбында өткен іс-шараның
Мәліметі
Мерзімі: 17.02.2020 жыл
Досбол орта мектебінің әлеуметтік педагогы К.Алтынбекова 8-11 сынып оқушылары арасында «Бала құқығы-бала бақыты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда Қазақстан Республикасындағы демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясының жүзеге асуы, әрбір  азаматтың өз құқығын жете біліп, сана-сезімін қалыптастыру туралы айтылды. Әрбір азаматтың міндеті –заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетті орындау керек екендігін айтып түсіндірді. Заңның ең басты мақсаттарының бірі-қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу екенін атап көрсетіп, оқушылармен пікір алысты.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция- әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп-жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның 
құқығын мойындайды» деп түсіндірді.
Әрбір мемлекетте бала құқығын қорғау-басты міндет, Баламыздың болашағы үшін, оларды ата-анасынан, тілінен, мәдениетінен айырMay ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз екенін айтып өтті.