09
September
2019
«Отбасы-бақыт мекені» атты апталықтың іс шарасы
Досбол орта мектебінде 2019 жылғы 6 – 14 қыркүйек аралығында өткізілген «Отбасы – бақыт мекені» атты апталыққа мәлімет
Отбасы күніне арналған «Отбасы - рухани жаңғыру негізі» ұраны-мен «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 6-14 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Нақтырақ айтсақ, 6 қыркүйекте «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берілді. Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; 7 қыркүйек күні «Мен, сен, ол – салауатты жанұямыз!», тақырыптарында спорттық отбасылық эстафета өткізді



