«Қыз болашағы-ел болашағы» атты онкүндігінің іс шарасы
11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай Досбол орта мектебінде «Қыз болашағы–ел болашағы» атты онкүндік өткізілді. Мұндағы мақсат – арнайы мамандардың көмегімен қыздарға қажетті мағлұматтарды бере отырып, оларды кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Қыз баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінің алар орны ерекше. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. «Қыз–өріс, ұл–қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайды.




