Әлімбетов Дәурен Сенбекұлы
Досбол орта мектебі 1993 жылы орта мектеп болып қайта құрылды. Келер жылы мектеп өз тарихында алғаш рет білім туралы аттестатын қолдарына беріп, бір топ түлекті ұшырып шығарады. Осы түлектердің ішінде оқу озаты, тамаша шәкірт, қазір ұлағатты ұстаз, білікті ғалым Әлімбетов. Дәурен де бар. 1978 жылы дүние есігін ашқан ол 1995жылы Досбол орта мектебін өте жақсы мен бітіріп, сол жылы Жамбыл техникалық институтына оқуға түседі.Ол жоғары оқу орның бітірген соң Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Үнді елінде 3 жыл оқып, кандидаттық дисертатциясын қорғап келеді.Сол жақта аспирантурада оқып жүріп, Хайдарабад қаласындағы арнайы курсқа қатысып, ағылшын тілін толық меңгеріп шығады. Одан кейін елге келіп, жұмыс істеп жүріп, Англия мемлекетіне екінші рет бөлінген грантты жеңіп алып, «Биотехнология» саласы бойынша докторантурада оқып, ғылыми атағын қорғап келеді. Содан Астана қаласында Н.Ә.Назарбаев университетінде абыройлы қызмет атқарды. Қазіргі таңда отбасымен Америка елінде мамандығы бойынша қызмет атқарып жүр.