Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Отан қорғау қастерлі борышымыз"
12
февраль
2022

" Отан қорғау қастерлі борышымыз"

Досбол орта мектебінде  "Құқықтық білім беру , құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбындағы айлық жоспары аясында 12 ақпан күндері " Отан қорғау қастерлі борышымыз" тақырыбында  8-11 сынып ұлдары арасында тәрбие орынбасары С. Бойтанова дәріс сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушыларға өз жеріне  еліне , қазақ даласына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін , патриоттық сезімдерін  ояту. Біздің бір ғана Отанымыз қазақ жері екенің түсіндіру. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қарап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті мен азаматтық борышы. Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны қарулы күштері туралы түсінік берілді. Отан қорғау ер азаматтың басты борышы екені айтылып өтті. Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап респуюликамызда елдік, рух,  патриоттық тәрбие ең маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қолға алынды. Іс- шара барысында Отан қорғаушылар мерекесінің тарихы мен таныстырылып , басты әскери шерулер туралы "Шерулер жылнамасы" атты  бейнекөрсетілімдер көрсетілді.