Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов Досбол орта мектебі ұжымымен кездесті.
13
декабрь
2024

Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов Досбол орта мектебі ұжымымен кездесті.

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов Досбол орта мектебі ұжымымен кездесті.
Күн тәртібінде:
1.Мектепішілік бақылау мен басқару, білім сапа көрсеткіші мен жеткен жетістіктері туралы. 
Хабарламашы: А.Сайлауов /мектеп директоры/
2.«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» іске асырылуы туралы. 
Хабарламашы: С.Бойтанова/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/
3.Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдануына және парақшаларына талдау жүргізу, психологиясына диагностика жүргізу бойынша.
Хабарламашы: Ә.Айнабекова /педагог-психолог/
4.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Хабарламашы: С.Бойтанова/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/

      1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А. Сайлауов сөз алып «Оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру» бойынша хабарлама жасады. Хабарлама барысында мектеп туралы жалпы мәлімет, мұғалімдердің сапалық құрамы, мектеп контингенті туралы таныстырылды. Білім сапасы мен үздік аттестат иегерлерін үш жылдық талдауын салыстырмалы түрде айтып өтіп, мектепішілік бақылау мен басқарудың өткізілген жұмыстарына да тоқталды. Мектеп ұжымының педагогтері мен оқушыларының жетістіктері туралы, жыл қорытындысы ретінде «Мектеп рейтингісі» мектеп ұжымының жеткен жетістіктермен таныстырды.
      2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында әр айдағы күнделікті және апта сайынғы өткізілген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларға тоқталды. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылын күшейту, ата-аналар арасында оң мәдениетті дамыту мақсатында құрылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы 
       3.Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Ә.Айнабекова Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдануына және парақшаларына талдау жүргізу, психологиясына диагностика жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. 
       4.Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бойтанова «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.