Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, физика апталығының ашылуы
21
январь
2020

Математика, физика апталығының ашылуы

20 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында "Математика, физика" пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні  «Математика, физика әлеміне саяхат» деген тақырыпта апталықтың ашылуы  өткізілді.  Азаңғы уақытта ерте келген оқушыға сыйлықтар берілді. Геометриялық фигуралар болып киінген оқушылар шығып тақпақтар оқыды, математикалық ертегіден көрініс көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.