Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» атты әдеби кеш
11
декабрь
2024

«Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» атты әдеби кеш

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Досбол орта мектебінде
8 жолтақсан күні  мектеп кітапханасында «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы» үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын, арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай, «Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның мақсаты: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқырмандарға терең таныту. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы жас ұрпаққа түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқырмандардың бойына дарыту, өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру, ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.