Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сыныптар пән бірлестігінің кезекті отырысы
07
сентябрь
2020

Бастауыш сыныптар пән бірлестігінің кезекті отырысы

Төтенше жағдай кезіндегі барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып Досбол орта мектебінің бастауыш сыныптар пән бірлестігінің кезекті отырысы болды.2020-2021 оқу жылының басталу ерекшеліктерін  оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары осы  
Әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның  
таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру  
ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік  
ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  
министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген  
әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. Сонымен қатар күнтізбелік тақырыптық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарлары 2020 жылғы 6 сәуірдегі нөмірі 130 бұйрықты басшылыққа алып жасау керектігі айтылды.Күнделік кз.уақытымен толтыру, ата аналар мен оқушылар туралы мәліметті толтыру қажет.Қосымша сағаттардың жоспарларын талапқа сай жасап,бекіттіру. Кабинетте Сан Пинде көрсетілген  барлық санитарлық шараларды қатаң сақтау керек. Оқушылардың бетперде киюі, жеке өздерінің ауыз суларының болуын қатаң бақылауда ұстау керектігі ескертілді. Бірлестік мүшелерімен басқа да әртүрлі мәселелер талқыланды .Бірлестік жетекшісі Мұсабекова алдағы жаңа оқу жылындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.