Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2019

Сыныптан тыс жұмыс

Досбол орта мектебінде 4 «ә»-сынып және 4«а»-сынып оқушылары арасында «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайыс болды. Сайыс бес кезеңнен тұрды.
І кезең. «Бәйге»(әртүрлі пәндер бойынша сұрақ-жауап)
ІІ кезең. «Дода»(ұяшық таңдап сұраққа жауап беру)
ІІІ кезең. «Тіл өнер» (жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде жауап беру)
ІV кезең. «Кім тапқыр?» (мәтінмен жұмыс)
V кезең. «Тәуелсіздікке тарту» (ән шашу)
Осы бес кезең бойынша оқушылар сайысқа түсті. Бірінші топ «Қыран», екінші топ «Тұлпар» болды. Екі топ өз-өздерін таныстырып, төсбелгілерімен таныстырды. І кезең. «Бәйге» әртүрлі пәндер бойынша сұрақ-жауап берілді. Яғни, математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу және тәуелсіздікке байланысты сұрақтар болды. Екі топ та өте жақсы жауап берді.ІІ кезең. «Дода»ұяшық таңдап сұраққа жауап беру кезеңінде «Тұлпар» тобы сұрақтарға жақсы жауап беріп алға шықты.ІІІ кезең. «Тіл өнер» жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде жауап беру болатын. Бұл кезеңнен де «Тұлпар» тобы алға шықты. ІV кезең. «Кім тапқыр?» мәтінмен жұмыс болатын. Бұл сайыста екі топ тең түсті. V кезең. «Тәуелсіздікке тарту» ән шашу бөлімі болатын. Екі топ та хормен ән айтты. Қорытындылай келе, әділқазылар алқасы «Тұлпар» тобы 176 ұпаймен алға шыққандығын айтып, мадақтамамен марапаттады. Ал «Қыран» тобы алғыс хатпен марапатталды.
Сыныптан тыс жұмыс

,
,
,

Похожие публикации:

04 март 2019 тәрбие сағаты