Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2019

Мектеп тарихы

               Досбол орта мектебінің іргетасы 1946жылы Комсомол ауылдық  кеңесіне қарасты «Түгіскен» кеңшарының   №2бөлімшесінде3 жылдық бастауыш мектеп болып ашылды.1951жылдан бері 4 жылдық,1967 жылдан Октябрьдің 50 жылдығы атындағы 8 жылдық мектеп 1993 жылдан Досбол орта мектебі болып құрылды. 1946жылдан 1951 жылға дейін көшпелі мектеп,1951 жылдан тұрғылықты шағын үйде орналыстырылған.1969 жылдан ыңғайлыстырылған мектеп іргетасы қаланып 1971 жылы 8 жылдық мектеп ретінде пайдалануға берілген.2016 жылы ақпан айынан типтік үлгідегі екі қабатты жаңа мектеп іргетасы қаланып,2017 жылдың қыркүйек айында  жаңа мектеп пайдалынылуға берілді.

          Мектептің ашылуына бастамашы болған сол кездегі №2 ферма меңгерушісі Бөрібек Шайдикаримов болған және алғашқы Ұстаз Қонарбаева Керімбек Жүсіпұлы ұлы отан соғысының ардагері.Мектеп ашылғалы дәріс беріп басшылық қызмет еткен мұғалімдер.Қонарбаев Керімбек,1947-1949 жылы арасы Арапова Науаткүл,1949-1951 жылдары Шман Манабаев,Зәуірбеков Жолдыбай,1951-1954 жылдары Құлекеев Абдрасіл,1954-1967 жылға дейін Сәрсенбек Құлекеев,1967-1969 жылдары Төлеген Тасжүреков,1970-1972 жылдар Жұмаділда Ынтымақов,1972-1979 жылдары Жақсылық Мұсаев,1979-1983 жылдар Ошақбай Жүнісбеков,1983-1990 жылдар Қыланов Шешенбай,1990-1993 жылдары Жаңабай Мұсаев,1993-1997 жылдар арасы Маширов Серік,1997-2000 жылдар арасы Қанатбек Назарбаев,2000-2006 жылдар арасы Жамаубай Кәрібеков,2006-2009 жылдар арасы Маширов Серік,2010-2014 жылдар арасы Абушахмат Қожасбаев,2014-2015 жылдар арасы Ерік Махамбетов,2015 жылдан Сайлауов Асқар  басшылық жасап келеді.

       Мектепте қызмет атқарған мұғалімдер Әбдірахманов Әбілдә, Қоданов   Ойықбай,Тоғжан Аманжолова,Ержан Жұманов,Жүнісбекова Роза,Жұмабекова Гүлнар, Әжібаева Гүлнар,Зәуірбеков Болатбек,Әбдікеева Дана,Базарбекова Лаззат,Мырзатов Нұрлан,Мырзатов Шыңғысхан,Оспанова Дүйсенкүл,Сансызбаев Жаппар,Андақұлова Әтіркүл  сияқты ұстаздар қызмет атқарған.