Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқоршылық» кеңес отырысының № 11 Хаттамасы
28
октябрь
2021

«Қамқоршылық» кеңес отырысының № 11 Хаттамасы

    Досбол орта мектебіндегі 2021 жылдың 3 қаңтар  күнгі №4 кезектен тыс өткізілген педагогикалық кеңестің шешімімен сайланған 

             «Қамқоршылық» кеңес  отырысының

                                            № 11 Хаттамасы


      Досбол ауылы                                                                28.10.2021 ж


Отырыс төрайымы:Б.Сахыбекова

Хатшысы:К.Алтынбекова

Қатысқандар:

1.Мектеп директоры –А.Сайлауов

2.Қамқоршылық кеңес мүшелері -7

3.Ауылдық учаскелік инспектор- М.Нұрманов

4.ДТІЖО – Бойтанова С .Б

5.Психолог –А.Айнабекова

      Күн тәртібінде:    Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Нұрманов Мақсаттың «Қамқоршылық» кеңесі мүшелері мен ата-аналар алдындағы есебі 

Хабарламашы: 

Тыңдалды:

             Досбол орта мектебінде 28.10.2021  қамқоршылық кеңес мүшелері алдында мектеп инспекторы Нұрманов Мақсат жарты жылдықта атқарған жұмысы туралы есеп берді.

    Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмаған      «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Балалар мүддесі үшін»  тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, Қамқоршылық кеңес мүшелері алдында есеп берді.  Нұрманов М   оқушылардың сұрақтарына жауап беріп,әртүрлі жағдаяттарды талдап,бірнеше құқық бұзушылыққа байланысты баптармен: Қ.Р.Ә.К.Б кодекснің 44261,2 тармағы,Қ.Р.Ә.К.Б кодекснің 435 баптарымен таныстырды.Сонымен қатар, мектепте мектепішілік,аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған ,  жайсыз отбасынан шыққан оқушылар  жоқ екенін, осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында құқықтық тәрбие, құқықтық білім беруіміз керек екендігін айтып өтті.Бүгінгі таңда   денсаулық жаулары деп аталатын зиянды заттардан адам ағзасына тигізетін зардабы,өміріне қауіп төндіретін заттардан аулақ болуы керектігі туралы айтылды.  Ауыл инспекторы  мектеп әкімшілігімен бірлесе бірнеше рет рейдке шыққанын,шаруа қожалықтарын аралап сабаққа келе алмай  қалған ,ата-анасының қадағалануынсыз қалған балалар жоқ екенін анықтағанын айтты.


    Жарыссөзге «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы Б.Сақыбекова шығып ауыл инспекторының есебіне қаңағаттанғандығын айтып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа ата-аналар,мектеп әкімшілігі жауапты екендігін , балаларымызды бұндай жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек,бірлесе жұмыс жасаса алынбайтын қамал жоқ екенін айтып өтті. Ауыл инспекторының берген есебіне  Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан толығымен келісетіндіктерін білдіріп, қуаттады.


               Отырыс шешім етеді:

     1.  Учаскелік полиция инспекторы М.Нұрмановтың Қамқоршылық кеңес мүшелері  алдындағы есебі  «Қанағаттанарлық» деп танылсын. 


           Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                Б.Сахыбекова

                          Кеңес хатшысы:                                   К.Алтынбекова

                                      Мүшелері:                                 А.Сейітбеков

                                                                                           Г.Бизақова                                                                                  

                                                                                          Б.Есмурзаева

                                                                                          С.Қалмаханова

                                                                                          Ә.Ордабаев

                                                                                          Б.Жумадилов