Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қаңтар айында атқарған жұмыстардың аналитикалық мәтіндік талдауы
20
январь
2022

Қаңтар айында атқарған жұмыстардың аналитикалық мәтіндік талдауы

      Досбол орта мектебінің 11- сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау  барысында қаңтар айында атқарған жұмыстардың аналитикалық мәтіндік талдауы

Тақырыбы 

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында   атқарылған жұмыстардың қаңтар айында жүргізілуі туралы

Мақсаты 

Оқушылардың білім сапасын  арттыру, ҰБТ-ға жан-жақты дайындау

Міндеттері 

Оқушылардың білімдерін және шығармашылық қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру

Пән     мұғалімдерінің  кәсіби біліктілігін  арттыра отырып, білім сапасын  арттыру

Сипаттама 

1.Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету

2. 11-сынып оқушыларынан мектепішілік тест алу

3.Әр алынған тест жұмысынан кейін сараптама жасау

4.ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жүргізілуі,жекелеген пәндер бойынша қосымша сабақтардың уақтылы және жүйелі өтілуін қадағалау

Іс-шарада анықталған  деректер:

Қаңтар айында  оқушылардан тақырыптық тест алынды. Оқу сауаттылығы бойынша Асылхан Аружан 20 сұрақтың 18-не жауап беріп 5 алса,Асқарұлы Бекнұр 18 сұраққа жауап берді,Кенжетай Балнұр 20 сұрақтың 18-не жауап беріп 5 алды.Шығармашылықты таңдаған Нұргел Ұлжан 20 сұрақтың оқу сауаттылығынан 19-не жауап беріп 5 деген баға,тарихтан 15 ұпай алып 4 деген баға алды.

Математикалық сауаттылық бойынша Асылхан Аружан 12ұпай алса,Кенжетай Балнұр 11 ұпай алды,Асқарұлы Бекнұр 12 ұпай алды.Қазақстан тарихы бойынша Асылхан Аружан 20 сұрақтың 13 жауап берсе,Асқарұлы Бекнұр 11 сұраққа жауап берді,Кенжетай Балнұр 20 сұрақтың 10-на жауап берді.

Таңдау пәндері бойынша Асылхан Аружан биология-география пәнінен 38-36 ұпай, Асқарұлы Бекнұр физика-математика 32-32 ұпай , Кенжетай Балнұр дүниежүзі тарихы-география 38-36 ұпай алды.

Талдау 

Міндетті пәндер мен таңдау пәндері бойынша күнделікті дайындық  жұмыстарын жүргізу үшін жекелеген пәндер бойынша әр оқушыға пән мұғалімдері бекітілді. Сонымен қатар, ҰБТ-ге жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан  білім сапасы төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау керектігі ескертілді.   ҰБТ жоспары  бойынша  оқу     бағдарламасын қайталау, интернет жүйесінің мүмкіндігін  пайдалану, электрондық оқулықтармен жұмыс жасау,  қосымша әдебиеттер  пайдалануын қадағалап отыру бақылауға алынды.  Қосымша  сабақтардың уақтылы өтілуі қадағаланып отырылды.  

Қорытынды 

Оқушылардың білім сапасын арттыру  мақсатында тест жұмыстары алынды, пәнді меңгеруде түрлі әдіс-тәсілдер     қолданылды. Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін түрлі платформалармен жұмыс жасалып,  оқушылардың     білім сапасының көтеруіне септігін тигізетін жұмыстар жүргізілді.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелі және тақырып бойынша дайындалу барысында ҰБТ-да жоғары білім сапасын көрсету.

Алдағы міндеттер:

Қосымша сабақтарды үнемі және сапалы жүргізу

Оқушылардың апталық тестке  қатысуын қадағалап отыру.

Оқушының ата-анасымен байланыста болу.

Оқушылардың білім сапасына ерекше мән беру.

Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар жүргізіп  отыру.


2021-2022 оқу жылындағы 11-сыныптан қаңтар айында алынған тест қорытындысы

қ/с

Оқушының аты-жөні

Таңдаған пәндер,алған ұпайы

Орташа балл

Оқу сауат

Матем.сауат

тарих

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1

Асылхан Аружан

19

12

13

36

38

118

2

Асқарұлы Бекнұр

18

12

14

32

32

108

3

Кенжетай Балнұр

18

13

13

36

38

118

4

Нұргел Ұлжан 

19


15



34



18

12

13%

36%

34 %

85.3

11-сынып оқушыларының қаңтар айында алынған тест жұмысының мониторингі



        Бағдарлы орынбасар:                    К.Алтынбекова