Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алтынбекова Гульнур Пернебекызы
20
апрель
2020

Алтынбекова Гульнур Пернебекызы

Алтынбекова Гульнур Пернебекызы, 1982 жылдың 10 қарашасында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Досбол елді мекенінде  дүниеге келді.
2000 жылы Досбол орта мектебін бітіріп, М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің әлем тілдері және әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, 2004 жылы аталған жоғары оқу орнын «журналистика» мамандығы бойынша тәмәмдады. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірді.
2004-2014 жылдар аралығында М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-де оқытушы, «Университет тынысы» газетінде журналист қызметін атқарды. 
2014 жылдың ақпан айынан  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қызмет етеді. Қазіргі таңда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.
Отбасында 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Мұңалбаевадан  «Рухани жаңғыру – жастарға бағыт» тақырыбында өткен форумнан сертификат, Астананың 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Мұңалбаевадан  «Алғыс хат», Жамбыл облысы әкімігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Бықыбаевтан «Ғасырлар керуені» интеллектуалды ойынға қатысқаны үшін «Алғыс хат», Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Бықыбаевтан «Алғыс хат», 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинованың «Алғыс хаты», Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры А.Биназаровтан «Латын әліпбиіне көшу – бәсекеге қабілеттілік пен қауіпсіздікке бағытталған бағдар» семинарға қатысқаны үшін «Алғыс хат», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Р.Төлебаевтың «Алғыс хатын»,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаевтың «Алғыс хаты»,  21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Құрмет грамотасын» алды.