Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
22
April
2020

Қозыбаев Ғазиз Болысбекұлы

Қозыбаев Ғазиз Болысбек ұлы 1988 жылы 18 шілдеде Байқадам ауылында дүниеге келді, 1996 жылы Досбол орта мектебінде 1 сыныпқа қабылданып 2007жылы мектеп табалдырығынан өмірге жол тартты. Тараз қаласындағы олимпиада жеткіншектерін дайындайтын қалалық спорт мектебінде грек-рим күресімен айналысып, ҚР біріншілігінде және де көптеген халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен, грек рим күресінен спорт шеберіне үміткер. 2004-2007 жылдары Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде оқыған, 2007-2008 жылдары Қапшағай қаласындағы 35 гвардиялық жеке десанттық шабуылдаушы бригадасында борышын өтеген. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарады, Ел басының кауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін 3 дәрежелі медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицері.