Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7263) 45-14-82
bookkeeping:
+7(7263) 45-14-82
Version for
visually impaired
» » Оспанова Дүйсенкүл Елемесқызы
27
April
2020

Оспанова Дүйсенкүл Елемесқызы

Жамбыл облысы,Талас ауданы, «Түгіскен»  ауылының №4 фермасында дүниеге келген.

1960-1961 оқу жылында мектеп табалдырығын  аттады.1971-1972 оқу жылында оқуды бітіріп,Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищесіне оқуға түсті.

 Еңбек жолын өзі оқыған Досбол орта мектебінен бастады.Досбол орта мектебінде интернат тәрбиешісі,бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.

1993 жылы аудандық «Жыл сынып жетекші» байқауына қатысып,ІІІ орын иеленді.1995 жылдан бастап педагог психолог,1998 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,2007 ж бастап мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі қызметтерін атқарды.1999 жылдан мектепте қоғамдық жұмыс ретінде кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарған.2005 жылы кәсіподақтың «Ең үздік жыл көшбасшысы» байқаының жүлдегері,сонымен қатар бірнешерет   Жамбыл облыстық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.Отбасында 2 қыз,3 үл тәрбиелеген ұстаз ана.2013 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан.2017 жылы отбасымен аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып І орынды еленген.