Мырзатов Батырхан Асылханұлы
1967 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы бұрынғы № 2 ферма қазіргі
Досбол ауылында туылған. Орта мектепті 1983 аяқтап, 1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институтына «инженер -механик» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1985-1987 жылдар аралығында әскер қатарында болды. Институтты 1991 жылы тәмәмдап, жоғары білімді маман болып шықты.
Алғашқы еңбек жолын Жамбыл авто жөндеу зауытында мастер болып бастаған. 1991-1996 жылдар аралығында осы мекемеде жемісті еңбек атқарды.
1997-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында бас маман және бөлім бастығы қызметін абыроймен атқарды.Нәтижелі жұмыстың арқасында облыс әкімінің «Елеулі еңбегі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.
2013 жылдан қазіргі таңға дейін
Нұр –Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы The presidentінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында бас инженер лауазымдық қызметін атқарады. Жұбайы Зада екеуі отбасында екі ұл тәрбиелеп өсірді. Зада қаржы саласында жемісті еңбек етіп келеді.
Үлкен ұлы Әуесхан ҚР Іс Басқармасының «Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дерекциясы ШЖҚ РМК-да» жабдықтау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
Екінші ұлы Айбол Ресей Федерациясының Томск қаласындағы
Томск политехникалық университетінің «Электроэнергетика және электротехника» мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда ҚР Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласында Ғылыми –техникалық саясат басқармасы басшысы қызметін атқаруда.
