Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2021

"3Д-редакторы"

Досбол орта мектебінде "Әлемді танытқан ғалымдар" айлығы аясында информатика пәнінен 6-сынып оқушыларымен "3Д-редакторы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 6.3.1.1  3Д-моделдер қолдану мысалдарын келтіру.  6.3.1.2  3Д-редактордың мүмкіндіктерін сипаттау. Сабақтың басы: Ұйымдастыру кезеңі. "Қошемет жасау" әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектер жолдады. үй тапсырмасын "әткеншек" әдісі  арқылы оқушылар ішкі, сыртқы шеңбер құру арқылы ішкі шеңбердегі оқушы алдына келген сыртқы шеңбердегі оқушыға сұрақ қойып жауап алды. Үй тапсырмасын сұрағаннан соң интер тақтадан күнделік жүйесінен  видео көрсетілді.  Оқушыларға ары қарай 5минут әдісі арқылы оқулыққа көз жүгіртуді ұсынылды. толық дайын болған оқушылар тақтаға жиналды, осы сәтте мұғалім "Ара" әдісі арқылы оқушыларды жаңа сабақты қаншалықты менгергенің анықтады, әрі сергіту сәті болды. Оқушылардың көңіл күйін көтергеннен соң тапсырма орындауға кірісті. таратпа қағаздары арқылы берілген Сәйкестендіруді уақытында орындап бірін бірі тексеріп бағалады. Екінші тапсырма бойынша компьютерде геометриялық фигураларды  скреч.Ап бағларламасында моделдеп берді. оқушылар бірін бірі бағалады. Сабақтың соныңда бағалау парағында белнілеген сандарды қоса отырып жиынтық балл күнделікке қойылды. Үт тапсырмасы беріліп, кері байланыс жасалды. Жалпы сабақ өз деңгейінде уақытқа сай, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып өткізілді. Пән мұғалімі: Наурызбаева Гүлнара Серікбекқызы.