25
ноябрь
2021
Химиялық реакция жылдамдығы.
Досбол орта мектебінде жаратылыстану пән бірлестігінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес 25.11.2021 күні 10 сыныпта химия пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Дайырбекова Айна Ержигитовна. Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы.
Оқу мақсаты: 10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдықтың өрнегін біледі.
10.3.2.2 орташа жвлламдықты есептей алады.
Сабақ барысында:
Ұйымдастыру кезеңі: жақсы көңіл күймен химиялық элементтерді қатыстырып жақсы тілектермен бастады. Үй тапсырмасы "Галерея шарлау" әдісі бойынша қабырғаларға терминдер, формулалар, заңдар үлкен етіп ілінді оқушылар аралап жүріп жауаптарын жазады кім бірінші болады сол жоғары ұпай алады. Жұмыстарын соңында интерактивті тақтада шығарылған жауабымен тексереді алдын ала берілген бағалау парақшаларына әрқайсысы өз ұпайларын бағалау критерийі бойынша жазып отырды Жаңа сабақ видео көрсетілді сол бойынша ой қозғау арқылы жаңа тақырыпты анықтады. Слайд көрсетілді."Кім жылдам" әдісі бойынша есептер шығарылды. Жаңа сабақ бекіту барысында " Сағат "әдісі бойынша бір-біріне сол сабақты сағат санында жазылған сұрақтарды аттары жазылған оқушыға түсіндіру арқылы жүргізілді. " Желпуіш "әдісі бойынша рефлексия алынды. Сабақ мақсатына сай өз дәрежесінде өткізілді.