Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану"
09
ноябрь
2021

"Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану"

Доcбол орта мектебінде жаратылыстану пән  бірлестігінің айлық іс-жоспарына сәйкес 9 сыныпта химия пәнінен ашық сабақ  пән мұғалімі  Дайырбекова Айна өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану".
Оқу мақсаты: 9.2.2.3- тотығу дәрежелерін табудың ережелерін білу және қолдану
                 9.2.2.4-Тотығу және тотықсыздану процестері бір-бірімен байланысты және бір мезгілде орын алатындығын түсіну. 
Сабақ барысы. Ұйымдастыру сабақ басы химиялық жақсы тілектермен басталды. Үй тапсырмасы "Миға шабуыл"  әдісі бойынша  сұрақтар қойылды. "Ойлан,  бөліс,  жұптас"   әдісі бойынша да үй тапсырма пысықталды бағалуды бір-біріне оқушылар бағалау критериі бойынша  өздері жүргізді. 
Жаңа сабақ "Ой қозғау"  әдісі бойынша  суреттер интерактивті тақтада көрсетілді сол бойынша оқушылар ойларын ортаға бөлісіп жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтады. Слайд бойынша түсіндірілді. Оқулықпен жұмыс жүргізіліп жаттығу жұмыстары орындалды. Сабақты бекіту барысында "Фрейер моделі" әдісі бойынша  анықтамасы,  ерекшелігі,  мысал келтіру,  қолданылуы туралы екі топ  тотығу тотықсыздану тобы ақ параққа жазып қорғады. Жұмыстарын  бағалау критеийі бойынша оқушылар бір-бірін  бағалады.  Сабақ соңында рефлекция бойынша не білдің,  не қиын болды,  нені білгің келеді деген ойларын стикерге жазды. Сабақ  өз мақстына сай жүйелі  белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып  өз дәрежесінде  өткізілді.