дүние жүзілік балалар күні Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығы және ратификацияланғанына 25 жылдығына орай «Балалар үшін бірге» атты өткізілген іс-шара
Досбол орта мектебінде дүние жүзілік балалар күні Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығы және ратификацияланғанына 25 жылдығына орай «Балалар үшін бірге»
атты өткізілген іс-шараларға
Анықтама
Мерзімі: қараша
2019-2020 оқу жылындағы аудандық білім бөлімінің 7.11.2019 жылдың №2737 хатының негізінде Досбол орта мектебінде «Балалар үшін бірге» атты республикалық онкүндіктің өткізілуі туралы іс-шара жоспар әзірленіп бекітілді. Іс-шаралар 1-11 сыныптар арасында өтілді.
Мектеп кітап көрмесі «Өз құқығынды біліп, өзіңді қорға» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында өтілді. Оқушылыр пікір-талас түрінде атсалысты.
8-11 сыныптар арасында «Мен және менің құқығым» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әр сұраққа жауап алынды. Тақырып қызу талқыланды. 5-10 сынып оқушылыр арасында «Бала құқығы асыл қазына» атты тақырыпта қабырға газеттері шығарылып, ілінді. Оқушылыр шығармалары сараланып, жеңімпаздар марапатталды. 4-8 сынып оқушылыр арасында «Тәуелсіз елдің ұланы» атты тақырып. Спорттық сайыстар күш сынасу, турнике тартылу, доп алмасу, қаппен секіруден жарыстары ұйымдастырылып жеңімпаздар марапаталды.
«Біз бәріміз біргеміз» атты тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды. Оқушылар қызу талғыға салып, өз ойларын ортаға салды. «Өз құқығынды білесің бе?» атты тақырыпта 8-11 сынып оқушылырынан сауалнама алынып, талдау жасалынды. 1-10 сыныптар арасында «Бала білім алуға құқылы» атты тақырыпта сынып сағаттары өтілді. 9-11 сыныптар арасында «Менің құқығым» ЭССЕ жазу өтілді. Ең жоғарғы дәрежедегі ЭССЕ сыйлықпен бағаланды. Осы он күндікке қорытынды жасалды атсалысқан мұғалімдер, сынып жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.