Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндігінің іс шарасы
18
сентябрь
2019

«Әкелер бізде қонақта» атты онкүндігінің іс шарасы

Досбол орта  мектебінде 18-30 қыркүйек  аралығында  «Әкем-асқар тауым» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік мақсаты: отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру. Онкүндік барасында жоспар жасалып, сыныптарда түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.18 қыркүйек күні апталықтың ашылуы болды. «Әкелер бізде қонақта» атты іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті деуге болады. Қызықты тапсырмаларды балаларымен бірге орындаған әкелер өздерінің балалары туралы түрлі сұрақтарға жауап берді.


 19 қыркүйек күні «Әке жолы –ізгі жол» атты өнеге сабақтары өткізілді. Әкелермен бірге сайыс ұйымдастырылды. Сайыста әкелер балаларымен бірге түрлі тапсырмалар орындады. 3-сыныптарда «Әкем және мен» Ал 5,6-сыныптар өткізілген «Әкешім –асқар тауым» атты дөңгелек стол тәрбиелік мазмұнға бай болды. Сынып жетекшісі М.Утбаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл шарада әкелер өте белсенді болды. 8-сыныпта «Әке-отбасы тірегі» атты тренинг сынып жетекшісі Ж.Оспанов, 10,11-сыныптарда «Әкем-ақылшым» атты кездесу өткізілді. Кездесуді сынып жетекшілер: С.Бойтанова мен А.Дайырбекова ұйымдастырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларымыздың ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше деп білеміз.