14
сентябрь
2020
Өз құқығынды біле біл (қайырымдылық ақциясы)
Досбол орта мектебінде 10-сынып оқушыларына сынып жетекшісі Наурызбаева Гүлнара Серікбекқызы "Өз құқығынды біле біл" тақырыбында қайырымдылық жасау турады түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сынып оқушылары өз ойларымен бөлісіп сенбі күні қарт апамыз Көшерова Ханзада апаның ауласын сыпырып қол көмек беруді ұйғарды. Сенбі күні таңғы 10 кезінде оқушылар апамыздың ауласына барып сыпырып, шөп жұлып көмектесті. Ханзада апа батасын беріп шығарып салды. Әр баланың жүрегінде отанға, еліне, әр азаматқа деген қайырымдық шырағы осындай тәрбие сағаттары кезінде тұтанады деп ойлаймын.