Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарт апамыз Сапаркүл апамен сұхбат
03
ноябрь
2020

Қарт апамыз Сапаркүл апамен сұхбат

Досбол орта мектебінде қарттар күніне арнап бір айлық акция өткізілді. Мақсаты:Жасөспірімдердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай құрметтеу және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне жол көрсетіп, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибарат алуға тәрбиелеу. Осы акция бойынша әлеуметтік педагог С.Бойтанованың ұйымдастыруымен қарт апамыз Сапаркүл апаға оқушыларды апарып сұхбаттасып, ақ батасын алып қайттық.