Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің мамандығым-менің болашағым»
26
январь
2021

«Менің мамандығым-менің болашағым»

Досбол орта мектебінде бағдарлы орынбасар К. Алтынбекованың ұйымдастыруымен 9-10сынып оқушылары арасында «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Кәсіптік бағдар тану бойынша оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру,мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Мектептің педагог-психологы С. Бойтанова оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып,« Мен таңдаған мамандық»,«Мамандықты тап»,«Мейірімділік алаңы» тақырыбында ойын ойнатып өздерінің жақсы көретін мамандықтары туралы түрлі-түсті қағазға жаздырып, тілек ағашына ілдірді. Мамандық таңдауда оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, бір-бірімен пікір алысты.