23
октябрь
2020
«Мамандығым-мақтанышым»
Досбол орта мектебінде бағдарлы орынбасар К. Алтынбекованың ұйымдастыруымен 9-11сынып оқушылары арасында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында түрлі мамандық иелерімен кездесу болды. Кездесуге түрлі мамандық иелері, Жамбыл медициналық колледжінің 4 курс білімгері Шалбек Айғаным қатысты. Кездесуге жиналған мамандық иелері оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, мамандықтың жаманы жоқ, тек жүрек қалауымен сүйе білсең ғана, өз ісіңнің маманы боласың деп өз ойларын ортаға салды. Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең жауапты кез, яғни болашағыңды айқындау деген сөз. Абай атамыз айтқандай«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалаң» демекші өмірден орнын тауып, үлкен азамат болып шығу әрбір шәкірттің ізгі арманы.
Сондықтан да, болашақта жақсы маман болу, халқына қызмет ету үшін жақсы оқып, білім алу керек. Оқушылар кездесуге жиналған мамандық иелеріне алғыстарын білдірді.



Сондықтан да, болашақта жақсы маман болу, халқына қызмет ету үшін жақсы оқып, білім алу керек. Оқушылар кездесуге жиналған мамандық иелеріне алғыстарын білдірді.


