«Ұстазым ұлағатым» атты мұғалімдер күніне арналған іс шарасы
5 қазан халықаралық ұстаздар мерекесіне арналған
«Ұстазым-ұлағатым» тақырыбында жүргізілген жұмысқа
АНЫҚТАМА
Досбол орта мектебінде 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұлы мамандық иелеріне арналып, «Ұстазым–ұлағатым» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты ұстаздар күні — бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Өз мамандығымызды сүю, жалпы ұстаздықтың терең сырларын ұғыну, бір — бірімізбен тәжірибе алмасу болды.
Алдын — ала апта бойы жасалынатын жұмыстардың жоспары құрылып, бағдарламасы жасалып бекітілді. Жұмыс бағдарламасына сай апталықтың алғашқы 26 қыркүйек күні апталықтың ашылуы болды. Мұнда мектеп басшысы А.Сайлауов, оқу ісі меңгерушісі Е.Махамбетов құттықтау сөз сөйлеп, апталықты ашып, әріптестерінің апталық жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Рахымбаева «Ұстазым –ұлағатым» тақырыбында баяндама жасады.



