Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өткізілетін іс шара
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні
мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің іс-шаралары туралы мәлімет
Досбол орта мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Рахымбаева тіл мерекесіне арналған онкүндіктің жоспарымен таныстыру мақсатында лездеме өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды.
Тілдер күні мерекесі қарсаңында мектебімізде іс-шаралар жоспарланған 10 күндік өткізілді. Мереке 4 қыркүйекте мұғалімдермен лездемеден басталды. 06-қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары дайындаған сурет көрмесімен салтанатты жиынымен ашылды. Оқушылар мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде өлең шумақтарымен, құттықтаулармен шашу шашты.

