Сыныптан тыс жұмыс
Досбол орта мектебінде 4 «ә»-сынып және 4«а»-сынып оқушылары арасында «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайыс болды. Сайыс бес кезеңнен тұрды. І кезең. «Бәйге»(әртүрлі пәндер бойынша сұрақ-жауап) ІІ кезең. «Дода»(ұяшық таңдап сұраққа жауап беру) ІІІ кезең. «Тіл өнер» (жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде жауап беру) ІV кезең. «Кім тапқыр?» (мәтінмен жұмыс) V кезең. «Тәуелсіздікке тарту» (ән шашу) Осы бес кезең бойынша оқушылар сайысқа түсті. Бірінші топ «Қыран», екінші топ «Тұлпар» болды.