«Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау» мақсатында жалпы жиналыс
Досбол орта мектепте 2019 жылдың 26 қараша 1-11-сынып оқушылары ата-аналарының кезектен тыс «Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау» мақсатында жалпы жиналысы өткізілді.
Х А Т Т А М А №4
Қатысқандар:
- Жиналыс төрағасы: А.Сайлауов
- ДТІЖО: Г.Рахымбаева
- Ата-аналар саны-41
- Хатшы: С.Бойтанова
Күн тәртібінде:
1.Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры А.Сайлауов-
тың хабарламасы. Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың құқықтық қорғау заңдарының баптарымен қорғану жолдарын айтып түсіндірді.Тараз қаласындағы болған оқиға бойынша баяндады. Ата-аналарға мүмкіндігінше оқушыларды таңғы уақыттарда және кешкі қайтар уақыттарында өз балаларын өздері алып қайтуларын қатты ескерті. Қазіргі таңда мектептің ауласының қоршалғандығын, дәретханалардың іште орналасқандығын, бейне жазбалардың 8-інің іске қосылып, оны вахтершылар қатаң бақылап отырғандығын айтып өтті. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, балаларының мектепке келгені және үйіне жеткендігі туралы ақпаратты сынып жетекшіге күнделікті жеткізіп отыру, мектептен тыс уақытта да балаларыңыздың жауапкершілігіне басты назар аудару керектігі айтылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Рахымбаева, қазіргі таңда елімізде болып жатқан түрлі қауіпті және қиын жағдайлардан әркез сақ жүру және қорғана білу керек. Өзіңе қандайда қауіп төнген жағдай да айқайлап жан-жағыңда көрінген адамдардан көмек сұрауға арланбау қажеттігін айтып түсіндірді. Жасөспірімдер тәрбиесі-қоғам тәрбиесі.Ұлттың адаспай ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.Жалпы қыз тәрбиесі отбасынан басталса,ол мектепте жалғасын табады, қыздар әрдайым анасымен сырлас, ұлдар әркез әкесімен сырлас болу керек. Қандай жағдайда бала ата-анасына айту керек. Балаларымызға ешкімнің зорлық, дөрекілік жасауға құқы жоқ екенін түсіндіріп айтты.


