Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халықаралық темекіден бас тарту күні» онкүндігіне іс шара
15
ноябрь
2019

«Халықаралық темекіден бас тарту күні» онкүндігіне іс шара

Досбол  орта мектебі   «Халықаралық темекіден 

бас тарту күні» онкүндігіне


Анықтама 


Мерзімі: қараша айы

Мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту,  халықтың ақпарат алуын арттыру, шылымқорлықпен күресу. 

       Іс-шара 7 қараша күні, сағат 10:00 де, Досбол орта мектебінде спорт залында мектеп тәлімгері С.Бойтанованың ұйымдастыруымен «Біз салауатты болашақты таңдаймыз!» ұранымен бойынша флешмобпен басталды. Қызығушылық танытқан мектеп оқушылары, мектептің кіші қызметкерлері, мұғалімдер іс шара өтіп жатқан жерге жинала бастады. Флешмобтан кейін, тәрбие орынбасары Г.Рахымбаева «Халықаралық темекіден бас тару күні» онкүндігінің жоспарымен таныстырып, іс шараға белсенді атсалысуға қатысуша шақырды. 

8 қараша күні мектеп медбикесі Б.Мыңжасарова «Темекі шегудің алдын алу» тақырыбында дәріс сабақ өткізді. Темекі шегу көптеген қауіпті ауруларға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес жыл сайын одан әлемде 6 миллионға жуық адам қаза табады екен. Темекі шегудің салдарынан денсаулықта көптеген ақаулар пайда болатындығын түсіндірді

9 қараша күні  мектеп психологы «Темекі–сенің дұшпаның» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. 

Негізгі мақсат:  Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы екенін түсіндіру. 

11-13 қараша күндері жастар арасында шылымқорлықтың алдын алуға бағытталған мағынадағы бейне роликтер, бейнесюжеттер көрсетілді. Бейне роликтердің тақырыбы жастар ортасындағы темекі шегу мәселесіне, мысалы «Шылымқорлықтың денсаулық, сұлулық пен жастыққа зиянды әсері», «Темекі шегетін қыздардың санының өсу мәселесі», «Біз кішкентайларға қандай үлгі көрсетеміз?» тақырыбында көрсетілді.

14 қараша «Өзің біл және өзгеге айт!» тақырыбы бойынша оқушылар өздері білетін немесе интернет желісінен жыйнақтаған материалдарымен бөлісті. Молдабекова Аруназ 6 жастағы қыз «Мен темекі тартпаймын» деген бір шумақ өлең оқып берді.

        15 қараша күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Сау және мықты боламыз!» ұранымен қозғалыс ойындарын, эстафеталар өткізді. 

Эстафеталар жарысатын және белсенді қозғалатын болғандықтан балалардың ең сүйікті қызметтерінің бірі болып табылады. Эстафетаға аз ғана құрал (доптар, шеңбер, текшелер, ракеталар, әуе шарлары және т.б.) қажет.

Мақсаты: оқушылардың  денсаулығын нығайту және физикалық дайын бол, командалық ойындарды ойнай және ұжыммен жұмыс істей алуға, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Ойындарға тоқталсақ «Кенгуру» ойыны қатысушылар нысанаға дейін және қайтадан аяқтың арасына допты қысып алып жүріп бару керек.

 «Атыстар». Топ капитандары шеңберді басынан жоғары көтеріп ұстап тұрады, оған қатысушылар кезек-кезек әуе шарларын түсіруге тырысады.

«Жүк көліктері». Әрбір қатысушы нысанаға дейін және қайтадан шанақпен (қолындағы дөңгелекке салынған) үш (түрлі көлемде болатын) шардан  жеткізуі қажет.

«Үш рет секіру». Жүргізушілер қатысушылардан 10 м арақашықтыққа шеңбер мен секіртпе қояды. Бірінші қатысушы секіртпеге дейін жүгіріп барып 3 рет, екіншісі – шеңберге дейін жүгіріп барып 3 рет секірулері қажет.

17 қараша күні М.Утбаеваның ұйымдастырумен 5-8 сынып оқушыларымен «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларды темекінің зиянын дәлелдейтін деректермен таныстыру; темекі шегуге қарсы көзқарас қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, балалардың темекіден бас тартуына жігерлі шешім қабылдауына ықпал етеді, балаларға құрдастарының зиянды әрекетінен бас тартуға мүмкіндік беретін қажетті мінез-құлықты тәсілдерді беру.Сынып сағаттың соңында «Темекі жоқ» деген сүрет салынып, «Біз темекіге қарсымыз» деген плакаттарымен Қазақстан азаматтарын темекіден бас тартыға щақырды.