«Ұлттық алкогогьді тұтынудан бас тарту күні» онкүндігіне іс шара
Досбол орта мектебі «Ұлттық алкогогьді тұтынудан бас
тарту күні» онкүндігіне
Анықтама
Мерзімі: қазан айы
Мақсаты: жас ұрпаққа «Қазақстан-2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі-салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын бағалы байлық екендігін түсіндіру.
17 қазан күні мектеп медбикесі Б.Мыңжасарованың ұйымдастыруымен «Алкогольді тұтынбаудың себептері» тақырыбында оқушыларға лекция түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арақтың денсаулыққа зиянды жақтарын айтып түсіндірді.
18 қазан күні мектеп психологы С.Бойтанованың ұйымдастыруымен «Егер саған алкогоьдік ішімдіктерді ұсынса, одан қалай бас тартуға болады?» тақырыбында тренинг жүргізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, сұрақтарына жауаптар алды.
19 қазан күні мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Рахымбаеваның ұйымдастыруымен «Сыра-ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
21 қазан күні С.Бойтанова «Зиянды әдеттер зардабы» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың араққа қарсы екендігі анықталды.



