Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол"  акциясы  мектеп директоры А.Сайлауовтың  түлектерімен кездесуі
25
сентябрь
2020
"Мектепке жол" акциясы мектеп директоры А.Сайлауовтың түлектерімен
Досбол орта мектебінде "Мектепке жол" акциясы мен Түлек кз сайты бойынша Досбол орта мектебін бітіріп кеткен түлектермен кездесу өткізілді.
Махамбетова Жұпаркүл Назбаевна
25
сентябрь
2020
Махамбетова Жұпаркүл Назбаевна
Махамбетова Жупаркүл Назбайқызы 1962жылы 18 ақпанда Сарысу ауданы Досбол елді мекенінде дүниеге келген.1969 жылы Досбол мектебінің табалдырығын аттаған.8 жылдық мектепті үздік бітірген. 1980 жылы тұрмысқа шығып,4баланы тәрбиелеген ана.Осы жылы Жамбыл облысы училищесінің ұлттық аспаптар бөлімін бітіріп,Талас ауданы Үшарал ауылында 17жыл мәдениет үйін басқарды. Қазіргі таңда 3 келін алып, 1 қыз ұзатып,12немере сүйіп отырған аяулы әже.
Қоданова  Жамила  Ойықбайқызы
24
сентябрь
2020
Қоданова Жамила Ойықбайқызы
Мен, Қоданова  Жамила  Ойықбайқызы 1974 жылы 5 тамызда  Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Досбол ауылында дүниеге келдім.           1981 жылы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектептің  1 сыныбына қабылданып, 1989 жылы 8 сыныпты аяқтадым.            Аудан орталығындағы «Байкадам Қашқынбаев» атындағы мектепте  9-10 сыныпты оқып,  1990-1991 оқу жылында 11 сыныпты Түгіскен орта мектебінде тәмамдадым.          1991-1993 жылдары Жамбыл қаласындағы облыстық балалар ауруханасында жұмыс жасадым.
Ордабаева Әйгерим  Жұмабайқызы
23
сентябрь
2020
Ордабаева Әйгерим Жұмабайқызы
Айгерім. 2012 жылы Досбол орта мектебін бітіріп, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп , 2016 жылы осы институтты бітіріп шықтым. Мамандығым әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы № 53 орта мектепте мамандығым бойынша жұмыс атқарып отырмын. Отбасымда 2 бала тәрбиелеп отырмын.
Ізтай Толқын Сәрсенбайқызы
23
сентябрь
2020
Ізтай Толқын Сәрсенбайқызы
Men Iztai Tolkyn Sarsenbaikyzi 1993 jildin 22wi nAurizinda Dosbol eldi-mejeninde duniege keldim. 1999jili "Dosbol " orta mektebine bardip, 2010jili bityrip wiktym. 2010jili Jambyl medicinalik kolledjine okuga tusip,2013jili tamamdadim. 2014jili Nur-sultan kalasinin 2kalalik auruhanasinda meir bike bolip,2015jili Akmola obili jedel-jardemnde feldsher,2016 Nur-Sultan kalasinin ortalik jedel-jardemnde feldsher, 2017 jili Nur-Sultan kalasinin 4 kalalik emhanasinin jedel -jardeminde feldwer  kizimet
Қыстаубаев Бекмырза Айдарханұлы
23
сентябрь
2020
Қыстаубаев Бекмырза Айдарханұлы
Мен Қыстаубаев Бекмырза Айдарханұлы 1992 жылы Сарысу ауданы   Түгіскен ауылында дүнеге келгем.1999 жылы Досбол орта мектебіне қабылдандым .2010 жылы тамамдап Тараз  Мемлекеттік Педагокикалық Университетіне оқуға түстім.2018 жылы Досбол ауылдық әкімшілігіне Жастар инспекторы болып жұмысқа орналастым .
Ордабаева Әсел  Жұмабайқызы
22
сентябрь
2020
Ордабаева Әсел Жұмабайқызы
Әсел.2007 жылы Досбол орта мектебін бітіріп , сол  жылы жамбыл медициналық коледжіне оқуға түстім. Мамандығым мейірбике. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы №2 Қалалық емханасында мамандығым бойынша жұмыс жасап отырмын. отбасымда 3 бала тәрбиелеп отырмын.
Ордабаева Толғанай Жұмабайқызы
21
сентябрь
2020
Ордабаева Толғанай Жұмабайқызы
Толғанай.2005 жылы Досбол орта мектебін бітіріп , қазіргі Түркістан облысы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы универститеттің тарих факультетіне оқуға түстім.Универститеттен соң Нұрсұлтан қаласындағы №71мектеп лицейінде 2013 - 2014 жылы тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.Қазіргі таңда Нұрсұлтан қаласында Бөбек  балабақшасында тәрбиешімін.Отбасымда  4 бала тәрбиелеп отырмын.
Алтынбекова Культай Пернебековна
21
сентябрь
2020
Алтынбекова Культай Пернебековна
Алтынбекова Культай Пернебековна            Алтынбекова Культай Пернебековна 1964 жылы 12 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. 1972 жылы «Досбол» ауылындағы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы мектептің табалдырығын аттап, 1980 жылы 8-жылдық мектепті бітіріп шығады.           1980 жылы Түгіскен орта мектебінің 9 сыныбына қабылданып, 1982 жылы бітіріп шығады. 1983 жылы Жамбыл есеп-санақ техникумына түсіп, 1985 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітіріп
Мұсабекова Салтанат Әбдірәсілқызы
21
сентябрь
2020
Мұсабекова Салтанат Әбдірәсілқызы
Мұсабекова Салтанат Әбдірәсілқызы 1980 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Досбол ауылында дүниеге келген.1998 жылы Досбол орта мектебін бітірген. "Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық " колледжін "Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.Алғаш еңбек жолын Досбол орта мектебінде бастап сол жерде жемісті еңбек етіп келеді. Отбасылы 5 ұл қыз тәрбиелеп отыр.