Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алтынбекова Культай Пернебековна
21
сентябрь
2020

Алтынбекова Культай Пернебековна

Алтынбекова Культай Пернебековна

           Алтынбекова Культай Пернебековна 1964 жылы 12 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. 1972 жылы «Досбол» ауылындағы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы мектептің табалдырығын аттап, 1980 жылы 8-жылдық мектепті бітіріп шығады.

          1980 жылы Түгіскен орта мектебінің 9 сыныбына қабылданып, 1982 жылы бітіріп шығады. 1983 жылы Жамбыл есеп-санақ техникумына түсіп, 1985 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 

         1986 жылдан бастап Түгіскен асыл тұқымды мал заводында шопан көмекшісі болып жұмыс істейді. 

        1994 жылдан бастап Досбол орта мектебінде жұмыс істеп келеді. 1997 жылы Жамбыл қаласындағы «Қайнар» университетіне түсіп, 2001 жылы бітіріп шығады.

      1997 жылдан бастап «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

   2000 жылдан бастап әлеуметтік педагог қызметін қоса атқарады.

  Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылықпен айналысып, көмек көрсетіп келеді. Жыл сайын осы салада көп еңбек етуде.

   2020 жылы Досбол орта мектебінде директордың бағдарлы оқыту орынбасары болып тағайындалды. Қазіргі таңда бір баланың анасы.