Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Досбол орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 45-14-82
Есепші бөлімі:
+7(7263) 45-14-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2020

Жұмабеков Әбдірахым Көшерұлы

1962 жылы 27 сәуірінде Жамбыл обылысы, Сарысу ауданында туылған, Досбол орта мектебінің бұрынғы атауы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы 8 жылдық мектебінің 1977 жылғы түлегі. В.И.Ленин атындағы Политехникалық институтың Қаратау филиалының «Жылу-газбен жабдықтау және желдеткіш» мамандығы бойынша оқуға түскен. Институтты 1984 жылы бітіріп жолдамамен Ақтөбе қаласында «Қостанай сантехмонтаж» мекемесінде шебер болып қызмет істеген. 1984-1986 жылдар арасында әскери борышын атқарған. Әскеден соң Сарысу ауданы Түркістан совхозында құрылыс шебері болып еңбек еткен. 1987 жылдан 1990 жылдар аралығында Жамбыл металл конструкциялары зауытында жылу цехының бастығы қызметін атқарған.

1990 жылдан Талас ауданаралық газ шаруашылығының директоры.

Облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы қажырлы еңбегі үшін «Қазақстан   құбыр көлігіне 70 жыл» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Қазақстан мұнайына 120жыл» мерекелік медалімен, бірнеше рет Жамбыл облысы газ шаруашылығы басқармасының, Жамбыл облысы әкемінің, Талас ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ облыстық, аудандық маслихаттардың грамоталарымен марапатталған.