29
апрель
2020
Досболов Ибрагим Бектібай
Досболов Ибрагим Бектібайұлы 1959жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Досбол елді мекенде дүниеге келген. Ибрагим Досбол атаның немересі. 1966 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1975 жылы Досбол ауылындағы октябрь атындағы сегіз жылдық мектепті бітірген. 1978-1980 жылдар аралығында Тоғызкент совхозында әртүрлі жұмыстар атқарған. 1982 жылы Талғар ауылшаруашылық техникумына түсіп, 1985 жылы агроном мамандығы бойынша бітірген. 1985жылы өсімдіктерді қорғау мекемесінде агроном, қазақ жайылымдарды пайдалану мекемесінде аға-агроном болып қызмет атқарған. 1993-2020 жылдар аралығында Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде Досбол ауылдық округның орманшы-қорықшы қызметің атқарады. 



