Қоданов Дүйсенбай Ойықбайұлы

Коданов Дүйсенбай Ойықбайұлы –1976 жылы 25 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,Досбол ауылында дүниеге келген. Әке – шешесі – 5 ұл,3 қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы.
Дүйсенбай Ойықбайұлы 1983 жылы Досбол орта мектебіне қабылданып,1991 жылы 9 сыныпты аяқтап,1993 жылы Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектепті бітірді.1996 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледждің «Мектеп» бөліміне оқуға түсіп,1999 жылы бітіріп шықты,1996 -1997 жылдары Досбол орта мектебіне тәлімгер болып еңбек жолын бастады.1997 – 2004 жылдар аралығында осы аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.2003 – 2006 жылдары Тараз қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» бөліміне оқуға түсіп,бітіріп шықты.2004 жылы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
2012 жылы Жаңатас қаласындағы көпсалалы колледжіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауысты.2015 жылы күндізгі бөлім меңгерушісі ,болып қызмет атқарды.
2017 – 2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тау-кен ісі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды,
2020 жылы наурыз айынан оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды .
Әкесінің ұстаздық жолын жалғастырып, өз ісіне деген жауапкершілігімен және іскерлігімен көзге түскен шығармашыл өнегелі ұстаз осы жылдар ішінде мектеп әкімшілігі және аудандық білім бөліміндегі аудандық әдістемелік кабинетте штаттан тыс әдіскер қызметін атқарды. Сонымен қатар, бірнеше рет аудандық, облыстық білім саласының құрмет грамоталарымен, Жаңатас қаласы, аудандық «Нұр Отан» партиясының ,Сарысу ауданы әкімінің марапаттарына ие болды.
Қоданов Дүйсенбай – отбасында 1 ұл,1 қыз тәрбиелеп отырған әке