Қоданова Сәлима Ойықбайқызы
Мен Қоданова Салима Ойыкбаевна, 1972 жылы 18 наурызда Досбол елді мекенінде дүниеге келдім. 1979 жылы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы сегіз жылдық мектептің 1 сыныбына қабылдандым.
1987 жылы 8 сыныпты аяқтап, 1989 жылы аудан орталығы Байкадамдағы «Байкадам Қашқынбаев» атындағы орта мектепті тамамдадым.
1989-1990 жылдары Октябрьдің 50 жылдығы атындағы сегіз жылдық мектепте аға пионер важатая болып жұмыс атқардым.
1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология
факультетіне түсіп, 1995 жылы қазақ сыныптарындағы орыс тілі және орыс әдебиеті мамандығы бойынша бітірдім.
1995-1997 жылдары Жаңатас қаласы Абай орта мектебінде орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым.
1997 жылдардан бастап Жайылма ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектебінде орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін.
Қазіргі таңда отбасым бар. Екі қыз, екі ұлым бар.
Ұстаздық жолда жеткен жетістіктерім: 2015 жылы «Жыл мұғалімі -2015» байқауында «Зерттеуші мұғалім» номинациясымен, 2018 жылы «Үздік педогог-2018» байқауында І орынмен, 2019 жылы қашықтық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.



